«Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» демекші, ауызбіршілікті кеңінен насихаттауды мақсат ете отырып, Алматы облысы Талдықорған қалалық І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Ұлтаралық келісім-қоғамдық татулықтың тірегі» атты семинар өтті.
Аталмыш семнарға арнайы шақыртумен келген қонақтардан: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы, Phd докторы Бағашаров Құдайберді, философия ғылымдарының докторы, университет профессоры Аманжол Қасабеков мырза, ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы, және аудан имамдары мен университет ұстаздары, әрі студенттері қатысты.
Алғашқы сөз алған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы, Phd докторы Бағашаров Құдайберді «Татулық достықтың нышаны» демекші, халық арасындағы достықты, ауызбіршілікті уағыздаса, университет профессоры Аманжол Қасабеков мырза,«Ислам дінінің құндылығы, әрі кіршіксіз дін»екенін тілге тиек етті.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы, Ислам дінінің ұлт мәселесіне қаншалықты көңіл бөлетінін, әрі ислам діні өзге ұлттармен қалай бейбіт ғұмыр кешуге шақыратыны жайлы сөз қозғады. Демек, исламда «ұлт», «нәсіл» сөздеріне қарағанда «үмбет» сөзі біздерге анағұрлым кең, әрі қолданбалы. Мұны біз діни кітаптарды айтпағанның өзінде өзіміздің ата дәстүрімізден көріп отырмыз деді.
Мәнді де, маңызды өткен семинарға катысушылар көкейдегі кей сұрақтарының жауабын тауып, ризашылықтарымен тарқасты.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.04.2015
4039
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру