Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазақ хандығының 550 жылдығы Бәйдібек ауданында (ФОТО)

14.04.2015 3554 0 пікір

Биылғы 2015 жылды Елбасы «Қазақ хандығының 550 жылдығы және Ұлы Отан соғысының жеңісіне 70 жыл» деп жариялаған болатын. Осыған орай еліміздің барлық жерінде түрлі іс шаралар ұйымдастырылып, көптеген кездесулер өтуде.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына сәйкес және ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамының бастамасымен Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының орталығы Шаянда Қазақ хандығының 550 жылдығы және Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына арналған дзю-до күресінен жасөспірім ұлдар арасында облыс біріншілігі өтті.

Мұндай ауқымды мерекелі іс шараға мұрындық болған ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігі Бәйдібек ауданының Бас имамы Б.Байниязов және аудандық дзю-до федерациясы. Жарысқа ОҚО-ның барлық аудандары, сонымен қатар, Қызылорда және Жамбыл облыстарынан 10 салмақтан 500-ге тарта жасөспірім қатысты. Аталмыш іс шараға облыстық өкілдіктен найб имам Е.Қарақұлов, аудандық маслихаттың депутаттары және аудан ардагерлері мен ақсақалдар қатысты. Жарыстың соңында, келген қонақтардың барлығына арнайы дастархан жайылды.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру