Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ауыл имамдарына сертификат берілді

14.04.2015 3135 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының оқу ағарту бөлімінің бағдарламасына сәйкес ауыл молдалары СҚО «Қызылжар» орталық мешітінде сауат ашу курсында білімдерін үш кезең бойынша жетілдіреді. 

Жақында діни сауат ашу курсының шәкірттері ІІ сатысынан өтіп, арнайы сертификаттарға ие болды. Олар: «Ақида», «Құран Кәрім», «Ғибадат исламия», «Сира», «Сахабалар тарихы» пәндері бойынша дәріс тыңдады. Молдаларға облыстық мешіттің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы, найб имамдар Аян Болатұлы, Қасымхан Абдоллаұлы, Азамат Амандықұлы және мешіт ұстазы Хамзат Қажымұратұлы сабақ берді.

Сертификатқа ие болғандар жыл соңына дейін ІІІ кезеңнің бағдарламасын меңгеретін болады.

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру