Ақмола облысының Бас имамы Қанат Қыдырмин жұмыс сапарымен Астрахан ауданында болды. Ол жергілікті аудан әкімі Ерсейітов Талғат Аманбайұлымен кездесіп, одан осы өңірдегі діни ахуалды сұрап білді. Атқарушы билікпен қоян-қолтық жұмыс істеудің маңызы зор екенін де айтты. Әртүрлі ағымдар белең алып тұрған уақытта билік пен дін өкілдері бірлесіп күрескен жөн екені алға тартылды. Әңгіме барысында Аудан әкімі жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен мешіт жанынан асхана салуды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Аудан имамы Нурахметов Әділхан Мақсұтұлы жаңа бастамаларды қолға алып жатқандығын айтты. Бұл ысрапшылдыққа жол бермеу және облыстағы алғаш Атбасар ауданының имамы Ақылбек қажы Суюмбекұлы бастаған қабір басын шариғат талабына сай қылу мәселесі болатын. Осы жолмен Есіл ауданы жалғастырған еді. Енді жергілікті жамағаттың қолдауымен осындай жаңа зират Астрахан ауданында ашылғандығын жеткізді. Кейін кездесу барысы жұма күнгі тағылымды уағызбен жалғасын тапты.
Бақыт СМАҒҰЛ,
Ақмола облысы



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.04.2015
3331
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру