Атырау қаласы, «Иманғали» орталық мешіті ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы: «Алла Тағала құлдарын кейде таршылықпен сынайды, кейде баршылықпен сынайды. Раббымыз баршамызға үлкен сабырлық берсін», - дей келе, осындай қайырлы істердің жүзеге асуына атсалысқан атқамінер кәсіпкер азаматтарға да дән риза екендігін жеткізді.
Мұқтаж жандар ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілдігіне алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Жұма күні мешітте тұрмысы төмен 25 жанұяға азық-түлік пен киім-кешектер ұсынылды. Қайырымдылық шара барысында келушілер сыртқы киімдер, аяқ-киімдер, сөмкелермен қамтамасыз етіліп, барлығы 125 келіден қант, күріш, макарон өнімдері және өсімдік майы таратылды.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.04.2015
3274
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру