Жуалы ауданында ҚМДБ-ның Республикалық ислами бірлестігінің филиалы ретінде тіркелген 28 мешіт бар. Оның 18-і типтік, 10-ы ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан. Осы мешіттердің жұмыстары туралы алдын ала зерделеу жүргізіліп, ол аудан әкімінің жанында өткен кеңес отырысында қаралды. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен ауыл имамдары қатысты.
Жиынды аудан әкімі Батырбек Құлекеев ашып, баяндама жасау үшін алғашқы сөзді аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Нарымбековке берді. Ол жоғарыда айтылған мешіттердің бүгінгі таңдағы жай-күйіне, округтердегі мешіттердің әрбіріне жеке дара тоқталып, талдау жасады.
Жетітөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Нұрсұлтан Қойтанов пен Билікөл ауылдық округінің әкімі Талғат Абсалямов қосымша хабарлама жасады. Аудан имамы Алмас Кенжемолдаев өз кезегінде мешіттердің құжаттарын заңдастыруға аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен кәсіпкерлер тарапынан қолдау көрсетілсе екен деген тілегін жеткізді.
Аудан әкімі Батырбек Құлекеев жиын барысында бір қатар ауылдық округ әкімдері мен мешіт имамдарын көтеріп, мәселенің ақ-қарасын тереңірек зерделеп, кемшіліктерді жоюға бір ай уақыт беріп, жиынды қорытындылады.
М.ҚҰЛИБАЕВ




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.04.2015
3096
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру