Жезқазған қаласы Мамандырылған күзет қызмет басқармасы ММ-нің мәжіліс залында жеке құраммен «Суицидтің алдын алу жолдары» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге облыстық психо-наркологиялық диспансердің психологы А.Ахмедова, «Ахмет Ишан Оразайұлы» атындағы қалалық мешіттің наиб имамы Е.Досымбаев, қалалық АНТ мүшесі, «Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің конфессияаралық қатынастардың мәселелерін зерттеу және сараптау орталығының» инспектор, дінтанушы Ж.Изтилеуов, МКҚБ ММ-нің тәрбие іс жөніндегі орынбасары Н.Қасым қатысты.
Қалалық АНТ мүшесі, «Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің конфессияаралық қатынастардың мәселелерін зерттеу және сараптау орталығының» инспектор, дінтанушысы Ж.Изтилеуов құқық қорғау қызметі өте жауапты, маңызды мамандық екенін, осы мамандық иелеріне байланысты ардақты пайғамбарымыздың (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) хадистері бар екенін айтып жеткізді. Және де суицидтің жалпы шыққан тарихы, термин болып қалыптасуы, түрлерге бөлінуі және ол дерттің алдын алу туралы толықтай мағлұмат берді. «Ахмет Ишан Оразайұлы» атындағы қалалық мешіттің наиб имамы Е.Досымбаев Ислам дінінің суицидтке деген көзқарасы, ол іс әрекеттің үлкен күнә және де қиын жағдайға тап болған кезде қол сілтемей, мықты жігерлік ұстану қажет екенін жеткізді.
Кездесу соныңда түрлі сұрақтар қойылып, қанағаттанарлықтай жауаптар берілді. Кездесуді МКҚБ ММ-нің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Қасым жүргізіп, қорытындылады.
«Ахмет Ишан Оразайұлы» атындағы қалалық мешітінің баспасөз қызметі



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.04.2015
3967
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру