Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бәйкен мешітінде 60-тан астам шәкірт сертификат алды (ФОТО)

13.04.2015 3212 0 пікір

ҚМДБ тапсырмасына сәйкес Алматы қалалық мешіттері сауат ашу курсының шәкірттерін 3 кезеңге бөліп оқытуды қолға алған болатын. Соның бір қорытындысы Алматы қалалық «Бәйкен» мешітінде жасалып, сауат ашу курсына қабылданған 150 шәкірттің ішінде бірінші кезеңді бітірген 61-і сертификат алды. Шәкірттердің арасында ерлер мен қатар әйелдер, жастар мен қатар қарттар да бар. Олар небәрі 2 ай мерзім ішінде Құран және тәжуид дәрістерін меңгерді. «Бәйкен» мешітінің жуырда ғана ашылғанын ескерсек, мұны үлкен жетістік деп атауға болады. Емтиханды Орталық мешіттің Бас ұстазы Сапанов Талғат Дайрабайұлы алып, шәкірттерге сертификаттарды табыс етті.

Енді сауат ашу курсының түлектері екінші кезеңде Құран мен тәжуидтен білім алуын жалғастырып, фиқһ, ахлақ және ақида салаларынан да дәріс көретін болады.

Алматы орталық мешітінің  баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру