Көктем келісімен жер-жаһан жаңарып, тазалық жұмыстары жүргізіліп, сенбіліктер ұйымдастырылатыны белгілі. Өз кезегінде қала тұрғындары, мекеме қызметкерлерімен қатар мешіт ұжымы мен жамағаттары да сенбілік жұмыстарына белсене атсалысуда.
Сенбі күні Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің ұжымы қаламыздағы қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінің ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді. Мешіт ұжымы мен жамағатынан құралған азаматтар қоқыс тазалап, жер аударып, тал егіп сауапты жұмыстар жасады.
Тазалықты сақтай білу әрбір азаматтың парызы деп білетін тұрғындар біркісідей атсалысып, дәстүрге айналған сенбілікті ойдағыдай өткізді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.04.2015
3565
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру