Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Зекет, садақа − сауапты іс

13.04.2015 3583 0 пікір

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы Атырау облыстық «Қазақстан-Атырау» телеарнасының студия қонағы болып, тікелей эфирде Айбек Аташевтің жүргізуімен өткен «Иман нұры» бағдарламасына қатысты. Бағдарлама"Зекет, садақа − сауапты іс" тақырыбына арналды.

Өкіл имам Батыржан қажы Берденұлы  садақаның түрлері мен зекет берудің мән-маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, сауапты амалдарды арттыру қажеттілігін атады.

Аталған бағдарлама барысында бас имам Батыржан Берденұлы теледидар көрермендеріне діни-танымын арттырар өзекті мәселелерден сөз шертіп, тікелей қоңырау арқылы түскен сауалдарға тұщымды жауаптар қайырды.

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру