Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Облыстың Бас имамы «Сарыағаш» медресесінде (ФОТО)

10.04.2015 4286 0 пікір

Биылғы оқу жылының аяқталуы жақындап қалғаны белгілі. Осыған орай, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілі, облыстық орталық мешітінің Бас имамы А.Керімбек және ОҚО Сарыағаш ауданының Бас имамы Қ.Кенжебеков «Сарыағаш» медресесінің бітіруші шәкірттерімен кездесті.

Кездесу мақсаты бітіруші шәкірттерді жас маман ретінде қызметке тарту және облыстағы кейбір мешіттерді имам-молдалармен қамтамасыз ету болатын. Облыстың Бас имамы: «Медресе бітірген жас мамандар бүгінгі таңда тапшы. Сонымен қатар жалпы діни саланың да зәрулігі жоқ емес. Егер қызмет етуге ниет болса біздің есіктеріміз ашық»,-деді.

ОҚО Сарыағаш ауданының Бас имамы Қ.Кенжебеков мешіттерде қызмет етуге байланысты бірнеше ұсыныстар жасап, шәкірттерді аудан көлемінде жұмыс істеуге шақырды.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру