Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу ауданындағы жастармен өткен келелі кездесу (ФОТО)

10.04.2015 3383 0 пікір

Алматы қаласы, Жетісу ауданының Бас имамы Бақытжан қажы Жаңбырбайұлының мұрындық болуымен жастар ісі аясында ауданға қарасты оқу орындарында келелі кездесулер жалғасын табуда.

Солардың бірі «Информатика және Экономика» колледжінде болып өтті. Аталмыш оқу орнында білім алушылардың басым көпшілігі өзге ұлт және өзге дін өкілдері. Жетісу аудандық "Әл-Мәдина" мешітінің наиб имамы Қажымұхан Қамбарұлы мен Әли-Мұхаммед мешітінің наиб имамы Такиров Қанатәли колледждегі орыс тілінде білім алушы шәкірттермен кездесті. Бас қосу барысында сөз алған Қанатәли Бақытұлы орыс тілінде мазмұнды сұхбат жүргізді.

Сондай-ақ имамдар студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, шәкірттерді оқуда озат болуға шақырды.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру