Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақжайық ақсақалдар алқасының кезекті жиналысы

09.04.2015 4180 0 пікір

Орал облыстық орталық мешітінде ақсақалдар алқасының кезекті отырысы болып өтті.

Кезекті жиынға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Р.Султанов, БҚО дін істері департаментінің басшысы Т.Нығметов және Орал облыстық орталық мешітінің имам-молдалары, ақсақалдар алқасы қатысты. Алғаш сөз алған ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы алдағы 20 сәуірдегі келетін Ережеп айының қасиеттігі турасында уағызын айтып, отырыста қаралаған мәселеге ауысты. Жиында бір ғана мәселе қозғалған болатын. Күн тәртібіндегі мәселеге ақсақалдар алқасының төрағасын тағайындау туралы мәселе қаралды. Ақсақалдар алқасының мүшелері барлығы дерлік көпті көрген, еңбекте тәжірибесі мол, елге сыйлы азаматтар болатын. Әрқайсысы бір бір мектеп секілді аталарымыз өз пікірлерін білдірді. Бір ауыздан мешітіміздің жамағаты, ақасақалдар алқасының белді де беделді мүшесі Нәдір Абдукаев ағамызды, орынбасары етіп Құрақов Ғұмар атаны қолдады. Бір ауыз шешімімен  ақсақалдар алқасының төрағасы Нәдір ағаға БҚО дін істері департаментінің басшысы Талғат Рахымұлы жұмысына сәттілік тілеп, бірлесе талай істер атқарылатынына сенім білдірді.

Жиын соңында, Амагелді қарт ақ батасын беріп, Алла Тағаладан еліміздің тыныштығын, Елбасының амандығын, Дінбасымыздағы ағаларымызға ынсап пен таухид, Ұлт пен ұлыстардың ауыз бірлігін нәсіп еткей деп дұға етті.

БҚО орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру