Апта басында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына сәйкес ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілі, облыстық орталық мешітінің Бас имамы А.Керімбек бастаған арнайы делегация Алматы қаласы «Имамдардың білімін жетілдіру институтына» (ИБЖИ) ат басын бұрып, ол жерде білімдерін шыңдап жатқан кеңбайтақ еліміздің түкпір-түкпірінен келген имам-молдалармен кездесті. Ең алдымен ОҚО-ның Бас имамы ИБЖИ-ның директоры Кенжеәлі Қоңыратбайұлымен кездесіп, жалпы институттың тыныс-тіршілігімен танысты. Содан-соң А.Керімбек, ИБЖИ директоры және делегеция мүшелері екі айға білімін жетілдіру үшін келген имам-молдалармен жүздесті. Өз кезегінде ОҚО өкіл имамы А.Керімбек әріптестеріне: «Қазіргі кезде имам-молдалардың білімін шыңдау Бас мүфтидің басты назарында және ілім алу қашанда өзекті мәселе. Халықтың сұрақтарына біліміміз болған кезде ғана біз дұрыс әрі сауатты жауап бере аламыз»-деді.
Кездесу соңында А.Керімбек әр имам-молданың қолын жеке-жеке алып, батасын берді. Оңтүстік Қазақстаннан барған делегация құрамында облыстық орталық мешітінің найб имамдары М.Естеміров және Е.Қарақұловта болды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.04.2015
3291
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру