Алматы орталық мешітінде қалалық имамдарға арналған біліктілік көтеру және І Республикалық имамдар форумында қабылданған ұстанымдар мен құжаттарды талдау семинары басталды. Оның ашылуына ҚМДБ аппарат басшысы Ғилымбек Мажиев, қаланың Бас имамы Нұрбек Есмағанбет қатысып, мұндай семинарлардың мешіт дін қызметкерлері үшін өткенді қайталау, біліктілік көтеру тұрғысынан маңыздылығына тоқталды. Екі апта бойы жалғасын табатын семинарда ҚМДБ және «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінен білікті мамандар шақырылып, форумда қабылданған құжаттарға этика, ақида және құқық тұрғысынан талдау жасалмақ.
Аталған семинарда ҚМДБ заңгері Дәулетияр Сағитжан, Бас имам Есмағанбет Нұрбек, ұстаз Әкімбеков Рахымжан, ұстаз Батталұлы Ризабек, наиб имам Әміре Ерсін дәріс оқиды.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.04.2015
3152
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру