Талдықорған орталық «Иман» мешітінде екінті намазымен ақшам намазы аралығында мешіт шәкірттерімен өңірлік өкіл имам Серікхан қажы Рымханұлы кездесу өткізді.
Кездесу барысы, білім алып жатқан мешіт шәкірттерінің тәжуид ережелерінен өтіп, Қасиетті Құран кәрімге түсуіне байланысты болды. Қуанышы ағынан жарылған өкіл имам Серікхан қажы Рымханұлы шәкірттердің жүрегіне нұр силағандай маржан сөздерімен шәкірттерге шабыт бере отырып, қуанышын жеткізді. Өкіл имам өз сөзінде құранды оқу, оны көкейге тоқи отырып, оған сай өмір сүре білсек екі дүниеде де зор табысқа жететіндігімізді уағыздады.
Аталмыш кездесу соңында шәкіттерге діни бейне роликтер көрсетіліп, Серікхан қажы Рымханұлы көңілдерін қуаныш кернеген шәкірттерге сый-сыяпаттар жасады.
Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.04.2015
3340
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру