Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ассамблеясының 20 жылдығына орай мерекелік шара өтті (ФОТО)

07.04.2015 3588 0 пікір

Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Нұр» мешітінде еліміздің ынтымағын нығайту мақсатында Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Оған Алматы қаласының Бас имамы Есмағанбет Нұрбек қажы, аудан әкімінің орынбасары Маржан Ертайқызы, ауданның Бас имамы Орынбасар Орынбайұлы, әр-түрлі ұлттың өкілдері, 500-ден аса халық келіп қатысты. Бас имам Нұрбек қажы мұндай шаралардың мешіт тарапынан ұйымдастырылуы өте маңызды, мешіттер халықты ынтымаққа, ауызбіршілікке шақыратын, әр-түрлі ұлт өкілдері иық түйістіре құлшылық қылатын киелі орын екендігін атап өтті.  

Мерекелік шараға келушілерге дастархан жайылып, спорттық гір тасын көтеру ойынынан жарыс өткізілді. Жарыс жеңімпаздары теледидар, ценсорлы ұялы телефон, қол сағат секілді тартымды сыйлықтармен  марапатталды.

Алатау аудандық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру