Санаулы айдан кейін Нұр-Мүбарак университетінің 4 курс студенттері диплом тақырыптарын қорғап, исламтану мамандығын иеленбек. Яғни еліміздің дін саласындағы еңбек майданына бакалавр дәрежесіндегі 100-ден аса исламтанушылар аттанады. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысындағы өкілдері университеттке келіп, болашақ түлектермен жүздесті. ҚМДБ ОҚО-ғы өкіл имамы Ахметжан Керімбек, наиб имамдар Еркебұлан Қарақұлов пен Мұхамеджан Естеміровтер еліміздегі халқы да, мешіті де ең көп саналатын өңірдегі діни ахуал туралы жан-жақты саралап өтті. Қазір ОҚО-да 800-ден астам мешіт болса, онда 1100-ге жуық имам, молдалар қызмет етеді. Сондықтан ҚМДБ-ның өкілдері қоғамдық бірлестіктер мен әлеуметтік ұйымдармен бірлесе отырып оңтүстік өңірдегі діни ахуалды жақсартып, жас мамандарға қолдау көрсетуге бар күштерін салатындықтарын алға тартты.
Қазір елімізде жоғары білімді исламтанушы, имамдардың жетіспеушілігі анық белгілі. Сондықтан осындай уақытша мұрсатты барынша ұтымды пайдалануға ұмтылған теріс діни ағым өкілдері ғаламтор және басқа да ақпараттық технологиялық мүмкіндіктерді пайдаланып арасында уағыз-насихатын жүргізу арқылы елді әрі-сәрі күйге салғаны белгілі. Ондай олқылықтың жолын кесу әлбетте білімді мамандардың көбейуі арқылы жүзеге аспақ. Осыны мықты түйсінетін дін қызметкерлері болашақ түлектерге қолқа салып, Оңтүстік өңірге жұмысқа шақырды. Алайда, дәл қазір қанша түлектің Шым өңіріне аттанары белгісіз. Нәтижесі уақыт еншісіне қалған кездесудің жемісті боларына сенім мол.
Айша Кеңесбай,
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.04.2015
3394
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру