2015 жылдың 6 сәуір күні «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Әлемде болып жатқан террорлық әрекеттер мен Исламның ешқандай байланысы жоқтығын, Ислам діні – жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты көздеп, насихаттайтындығын жеткізу мақсатында Атырау қаласы, Геолог округі тұрғындары, білім беру мекемелері, құқық қорғау органдары, кәсіпорын мекемелері, діни бірлестіктер қызметкерлері, жастардың қатысуымен «Ислам бейбітшілік діні» атты шара өткізілді.
Аталған шарада ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан МАНСУРОВ - Адам саналы жаратылыс болғандықтан, оны еріксіз түрде: Бұл дүниеге не үшін келдім? Қайда барамын? Жаратушы бар ма? деген сұрақтар мазаламай қоймайды. Бұл сұрақтардың дұрыс жауабын біз Алла тағаланың пайғамбарлар арқылы жіберген діні арқылы табарымыз хақ. Өмір сүру қағидалары мен заңдылықтарын қамтыған дін бұйрықтар һәм уахи арқылы пайғамбарларға түсіріліп, һәм жазбаша түрде қасиетті кітаптармен де расталып отырғандығын жеткізсе, Алматы қаласы, «Таугүл» мешітінің 1-ші наиб имамы, теолог-исламтанушы Ермек КӨКІРЕКБАЕВ - Әлемде болып жатқан террорлық әрекеттер мен Исламның ешқандай байланысы жоқ. Ислам діні – жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты орнату үшін жіберілген соңғы дін екендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, жиын барысында ҚМДБ-ның Атырау облысы Дін істері басқармасы басшысы Еркінбек ШОХАЕВ - пен «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының директор орынбасары, теолог Айбек Аташев сынды дін мамандары тақырып аясында біраз ойларын ортаға салып, ынтымақ, бірлікке шақырды.
Қатысушылардың күрделі сауалдарымен жалғасқан шарада келген діни мамандар салмақты жауаптарын жеткізсе, Геолог округі әкімінің орынбасары Ж.Шаданов мұндай жиынның жиі өткізілуін сұрап, шара қонақтарына ризашылығын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.04.2015
4311
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру