Атырау қаласы, "Иманғали" орталық мешітінде Алматы қаласы, «Таугүл» мешітінің 1-ші наиб имамы, теолог-исламтанушы Көкірекбаев Ермек Жамбылұлы "Тәкаппарлық − екі дүние кесірі" тақырыбында уағыз жүргізді.
Уағыз барысында тәкаппарлық − Алла Тағала сүймейтін, адамдыққа жат сипаттардың бірі, алайда, мұны адам тез байқап, бірден Алладан кешірім тілеумен жуып-шайып отырса, оның зияндылығы жоқ екендігі туралы пайымдалды. Сонымен қатар, исламтанушы тәкаппарлықтың негізгі белгілері мен түрлеріне тоқталып өтті.
Жамағат арасындағы туындаған сауалдарға қатысты теолог нақты мысалдар мен дәлелдер келтіру арқылы жауаптар беріп өтті.
"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.04.2015
4078
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру