Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.
(Хакім Абай)
Алматы қаласы, Алатау ауданының Бас имамы Орынбасар Дәуренбеков өз ауданындағы үздік мешіт қызметкерлерін марапаттады.
Атап айтқанда Алланың үйін гүлдендіруге үлкен еңбек сіңіріп, мешіттің шаруашылық және құжаттық жұмыстарында белсенділік танытып жүрген «Бекет ата» мешітінің іс-басқарушысы Ғалымжан Молдабаев және аталған мешітте жүздеген шәкірттер тәрбиелеп, шәкірттер арасында жарыстар ұйымдастыру сынды игі жұмыстарымен көзге түсіп, ұстаздық қызметінде үлгілі болған Оспанов Қыдырәлі «Меркі» санаториясына 10 күндік ем қабылдауға жолдама алды.
Мешітімізде өткен Құран жарыста шәкірттер белсенділік танытып, үздік оза шыққандарға құнды сыйлықтар табыс етілді.
Аудан имамының айтуынша мұндай бастамалар ауданымызға қарасты мешіт қызметкерлерінің де белсенділігін арттырады. Сондықтан да өзгелерге үлгілі болған мешіт қызметкерлерін марапаттауға бағытталған бұл игі бастама алдағы уақытта да жалғасып таппақ.
Алатау аудандық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.04.2015
4200
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру