Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жанға жылу сыйлаған қайырымдылық шара (ФОТО)

06.04.2015 3366 0 пікір

«Иманғали» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Сен де үлес қос!» науқаны аясында қайырымдылық жәрмеңке өткізілді. Әдемі дәстүрге айналған шараға орай мешіт ауласына киіз үй де тігілді.

Белгілі хадис-шарифте: «Адамдардың ең жақсысы − адамдарға пайдалы болғаны», - делінген. Демек, әрбір мұсылман қолынан келгенінше, уақытты бос өткізбей пайдалы іспен шұғылданғаны абзал. Алайда ислам дініне сай жұмсалынған қандай да мүлік екі дүние үшін сауапты болады.

Осыған орай, жұма күні «Иманғали» орталық мешітінің шәкірттері және «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының жастары  «Жан жылуы» деген бастамамен «Мұқтаж болсаңыз - керегіңізді алыңыз! Сіздің жаныңызға жылылық сыйлау - біз үшін қуаныш», - деген ұранмен қайырымдылық шарасын жұмыла өткізді. 

Аталмыш шараға әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасылар шақыртылып, оларға түрлі киім-кешектер, балаларға ойыншықтар үлестірілді. Сондай-ақ, мұқтаж жандарға арнайы көмек беру мақсатында азық-түлік те сатылды. Ондағы жиналған қаражат қайырымдылық шараларға жұмсалынатын болады. 

Сонымен қатар, қайырымдылық шараны ұйымдастыруға өз үлестерін қосқан барша жомарт жанды азаматтарға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров өзінің ризашылығын білдірді.  

Иә, жанға жылу сыйлаған қайырымыдылық шарасында балалар ойыншыққа қол жетікзсе, ересектері жарасымды киімдерін алып, мешіт ұжымына деген шексіз ризашылығымен тарқасты.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру