Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам Жалпақтал ауылдық мешітінде (ФОТО)

06.04.2015 3637 0 пікір

Қасиетті жұмада ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов Казталов ауданы, Жалпақтал мешітіне арнайы барып, мешіт жамағаттарымен жүздесті.

Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы Тілепберген Нұрәлиев жылы шыраймен қарсы алып, жиналған қалың жұртшылыққа таныстырып, облыстық орталық мешітінің бас имамы  Руслан Тыныштықұлы «Ең үлкен жиһад ­- нәпсі тәрбиесі» жайында уағыз айтып, облыс көлеміндегі діни шаралардың жетістігі мен жат ағымдар турасында сөз қозғап, Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы Тілепберген Ахметжанұлының имандылық жолындағы жасалып жатқан еңбегін жоғары бағалады.

Келген жамағаттар өкіл имамға толғандырған сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптар алды. Одан кейін Казталов аудандық мешіті мен Жаңа-жол ауылдық мешітінде өз жалғасын тапты.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру