Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Медициналық колледжде өткен кездесу (ФОТО)

06.04.2015 3150 0 пікір

Жезқазған қаласының медициналық колледжінде «Теріс ағымдармен күресудің ең тиімді жолы – діни сауаттылықты арттыру» тақырыбында кездесу өтті.

Бұл кездесуге «Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімінің конфессияралық қатынастардың мәселелерін зерттеу және сараптау орталығы» инспекторы, дінтанушысы Ізтілеуов Жанат Оңғарбайұлы және «Ахмет Ишан Оразайұлы» атындағы мешітінің найб имамы Сейдахметов Абылай Айқынұлы қатысты. А.Сейдахметов жастарды білімділікке, діни сауаттылыққа шақырып, Құран мен хадистен мысалдар келтіре отырып, уағыз-насихат айтты. Ж.Істілеуов теріс ағымдардың белгілері мен олардан сақтану жолдарын, діни ілімді алуда тек мешіт өкілдері мен арнайы дін мамандарына жүгіну керектігін ескертті. 

Кездесу соңында жастар пікір алмасып, сұрақтар қойып, оларға жауаптарын алды. 

ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру