Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Қарақия ауданына арнайы іс сапармен барды. Қарақия ауданында өткен жылы жаңа мешіт ашылып, жамағат саны да артып келеді. Әрине, жамағаттың басым көпшілігі жастар. Намазға жығылған жастарға дұрыс бағыт берілмесе, өзге ағымдардың жетегінде кетуі мүмкін.
Өкіл имам аудандық мешітте шам намазын өткізіп, артынан жамағатпен кездесіп, екі сағатқа жуық тұшымды уағыз айтты. Уағыз барысында адасушы ағымдардың пайда болуына да тоқталып өтті. Қайсыбір адасқан ағым пайда болса, уақыт өте тармақтарға бөлінетінін тілге тиек ете отырып, қазіргі таңда өздерін сәләфиміз деп жүргендер шынайы дұрыс бағыт болса, онда неге өзара жанжалдасып, бірнеше тармаққа бөлінеді, олардың да бөлінуі адасушылықтарына дәлел болмақ деп мысалдармен келтіріп өтті.
Алланың разылығын алу үшін қандай амал жасау керектегі жайында түрлі мысалдар келтіріп, жамағаттың иманына нәр беретін насихат айтылды. Мұсылманның шынайы келбеті қандай болу керектігіне де тоқталып, уағыз соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Уағыздан кейін өкіл имам құптан намазын өткізіді.
Маңғыстау облыстық орталық мешітің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.04.2015
3452
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру