Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мақатта мектеп психологтарына өткен семинар (ФОТО)

03.04.2015 3871 0 пікір

Мақат ауданы бойынша мектеп психологтарына «Дін фанаттарымен жұмыстың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында оқыту-семинары өткізілді.

Мақсаты: «Мектеп психологтарының діни білімі мен біліктілігін шыңдап, тәжірибелерін молайту. Мамандар арқылы мектеп қабырғасындағы жас жеткіншектердің күйзеліске қарсы тұру қасиеттерін қалыптастыру және діни сауаттылығын арттыру».

Аталған шараны Мақат аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Д.Тастаев ашып, кез келген заттың ішкі және сыртқы формасы болатыны сияқты, діннің де сондай ерекшелігі бар екенін, сондықтан оған бей жай қарамай жастарға дұрыс жеткізу біздің міндетіміз дей келе, осы мақсатта дәріс өткізетін елімізге белгілі, білікті теолог мамандарды таныстырды.

Дәріс оқығандар:

1. А.Аташев - Қор директорының орынбасары, теолог. Тақырыбы: «Дәстүрлі отбасылық құндылықтар және тәрбие мәселесі»;

2. Е.Көкірекбаев - Алматы қаласы, «Таугүл» мешітінің 1-ші наиб имамы, теолог-дінтанушы. Тақырыбы: "Мұсылманшылық көз-қарас бойынша жан күйзелісі проблемаларын шешу жолдары";

3. Ө.Тлеуов - Қор теолог-психологы. Тақырыбы: "Күйзелістің алдын алу және қазіргі заман оқушылары мен студенттерінің бойында күйзеліске қарсы тұру қасиеттерін қалыптастыру"

Семинар соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасты. Сонымен қатар Қор директорының орынбасары Айбек Аташев аталған шараны қорытындылап, ұйымдастыруға қолдау  білдірген білім бөлімінің басшыларына өз ризашылығын білдірді.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру