Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қажылықтан келген қарт апаларымыз Бас имамға алғыстарын білдірді (ФОТО)

03.04.2015 3740 0 пікір

«Үлкенге құрмет танытпағандар бізден емес», – делінеді Пайғамбар (с.ғ.с.) хадисінде. Алла Елшісінің осы бір өсиетін орындап, қашанда қарттарымызға қамқорлық жасау – «Әзірет Сұлтан» мешітінің айнмас қағидасына айналғалы қашан. Осыдан бірер ай бұрын мешітіміздің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Астана қаласындағы қарттар үйіндегі ақсақалды аталарымыз бен ақжаулықты апаларымызбен жүздескені жайлы жазған болатынбыз. Кездесу соңында Бас имам қарттар үйінің екі ардагеріне кіші қажылық жолдамасын сыйға тартқан еді.

Қасиетті жерге барып, тәу етіп қайту бақыты бұйырған апаларымыз Наурыз мерекесі күні жолға шыққан болатын. Киелі қос қаланы көздерімен көріп, кіші қажылық рәсімдерін өтеген апаларымыз кеше аман-есен елге оралып, туған топыраққа табандары тиді. Кез келген мұсылманның асыл арманындай болған қажылыққа аттандырып, қамқорлық танытқан Серікбай қажы Сатыбалдыұлына бүгін ақжаулықты апаларымыз арнайы келіп, алғыстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру