Қостанай облыстық Марал Ишан мешітінің наиб имамы Бақытжан Икрамұлы жуырда ол облыс орталығындағы Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігіне қарайтын заң академиясында болып, осында білімдерін тереңдетіп жатқан 1-2 курс магистранттарымен жүздесті.
Талай ұжымдарда өзінің жан-жақтылығымен жұртшылықты бірден баурап алатын Бақытжан Икрамұлы бұл жолы еліміздің барлық аймақтарынан келген магистранттар алдында «Неге дінде бөлінушілік бар?» деген тақырыпта әңгіме қозғады.
Жүздесуге қатысқан жастар дін қайраткерінің маңызды уағызынан көп жайды көңілдеріне түйді. Сондай-ақ қойған сұрақтарына нақты жауап алды. Наиб имам өз сөзінде академиядағы кездесудегі тақырыпты талқылауда қатысушылардың белсенділік танытқанына дән риза болғанында айтып өтті.
ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.04.2015
3104
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру