Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Қарақия ауданына қарасты Жетібай кентіндегі мешітте шам мен құптан аралығында жамағатпен кездесіп, асыл дініміздің құндылықтары жайында уағыз айтты. Уағыз барысында ханафи мәзһабының намаздағы дәлелдеріне кеңінен тоқталып, Алланың аршысының көлеңкесінде болатын 7 топ адамдар жайында тартымды уағыз айтты. Уағыз соңында жамағатты толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді.
Намазға жығылған жастардың діни сауатының жоқтығын пайдаланып, сәләфи ағым өкілдері түрлі күмәнді сұрақтар қойып, өз қатарларына тартуға тырысып жатқаны ащы да болса шындық. Міне сондай келеңсіздіктің алдын алу мақсатында өкіл имам барлық аудан, ауыл мешіттерінде осылай жамағатпен кездесіп, уағыз айтып, сұрақтарына жауап беруді жолға қойды.
Уағыздан кейін өкіл имам құптан намазын өткізіп, артынан дастархан басында уағызын жалғастырды.
Қазіргі таңда облысымыздағы бірнеше мешіттерде жамағаттың басын біріктіру әрі теріс бағыттың ықпалын азайту мақсатында апта сайын осындай дастархандар ұйымдастырылып, уағыздар айтылу жолға қойылуда.
Маңғыстау облыстық орталық мешітің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.04.2015
3272
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру