Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Әбу Ханифа» медресесінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы бойынша дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Жапарқұл Нұржан Бейсенбайұлы медресе шәкірттерімен кездесті. Кездесу барысында Нұржан Бейсенбайұлы «Мемлекет және дін», «Дін туралы заңнамалар», «Ислам және ұлттық дәстүр» тақырыбында баяндама жасап, болашақта имам болатын шәкірттерге тағылымы мол өсиеттері мен даналық ойларымен, кеңестерімен бөлісті.
Сонымен қатар шәкірттер қоғамдағы өзекті мәселелер төңірегінде еркін пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды. Кездесу соңында «Әбу Ханифа» медресесінің директоры Құлмұхаммед қажы Маханбет келген қонақтарға шәкірттер атынан алғыс айтып кездесуді тамамдады.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.04.2015
3676
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру