Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар білімін жетілдірілуде (ФОТО)

03.04.2015 3138 0 пікір

Өскемен өңірі бойынша өкілдгінің ұйымдастыруымен аудан имамдарының білімін жетілдіріп, біліктілігін ұштауға арналған он күндік семинар нәтижелі өтіп жатыр.

Оқу барысында ауданнан келген имамдар: «Құран Кәрім»,  «Фиқһ», «Дінтану» бойынша дәріс алумен қатар, діни құқық мәселелері бойынша да білімдерін шыңдауда.

Семинар барысында аудан имамдарына облыстың мешіттің ұстаздары дәріс беріп келсе, оқыту жүйесінің бағдарламасына сәйкес ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары  Шоқанов Сансызбай Құрбанұлы арнайы шақыртылып отыр.

Ақида ілімі бойынша Сансызбай Құрбанұлынан дәріс алып, білімдерін ұштаған аудан имамдары өз кезегінде көкейлерінде жүрген түйткілді сауалдарына да жауап алу мүмкіндігіне ие болды.  

ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру