Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Яссауи хикметтері – байқау тақырыбы

02.04.2015 4128 0 пікір

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының негізгі тапсырмаларының бірі төрт бағыт бойынша жұмыстар жергілікті жерде басты назарда екені белгілі. Ақмола облысы бойынша қала және аудан мешіттері халықты ақпарттандыру мақсатында сан түрлі мекемелер, әсіресе оқу орындарымен тығыз байланыста болып, уағыз-насихат жұмыстарын жандандыра түсіруде. Осы бастама аясында биылғы қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырып Көкшетау қаласындағы № 18 қазақ мектебі Яссауи хикметтерін жатқа айтудан жарыс өткізді. Бұл сайысқа Ақмола облысының білім ордаларынан отызға тарта оқушы қатысты. Олар Қожа Ахмет Яссауидың рухани мұрасын зерделеп, діни тағылымға толы шығармаларын жатқа айтты. Жарысқа облыстық мешіттен уағыз-насихат жұмыстарына жауапты наиб имам Серік Ергебекұлы Халықов төрелік жасап, оқушыларға бабаларымыздың мұраларының құндылықтарын жеткізіп, дін мен дәстүрдің маңыздылығын насихаттады.

Үш кезеңнен өткен сайыста бас жүлде Нұржан Төлегенге бұйырды. Ал жүлделі қалған орындарды,  атап айтсақ, Алмас Жамаш, Бауыржан Рамазан (екінші жүлделер), Абдолла Ыдырыс, Гүлнәр Толқын және Дидар Жеңіс (үшінші жүлделер) өзара бөлісті. Оларға арнайы дипломдар және медалдар табыс етілді.

Бақыт СМАҒҰЛ,

Ақмола облысы

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру