Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшелері Сыр елінде

02.04.2015 3383 0 пікір

«Қанша сауатты болсаң да дінді танымасаң бәрібір қараңғысың» деген Аристотель ойшылдың сөзі бар. Дін тақырыбы, оны уағыздау, имандылықты насихаттау қай кезеңдеде өзінің өзектілігін жойған емес. Осы бағытта елімізде жыл сайын республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшелері облыстарды, облысқа қарасты аудандар мен ауылдарды аралап, әсерлі насихаттар мен келелі кездесулер өткізіп келеді.

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед те (с.ғ.с.): «Дін – насихат» деп, нақты айтып кеткен. Биылғы жылы наурыз айының соңы мен сәуір айының басында Қызылорда өңіріне РАНТ мүшелері келіп, «Дін мен дәстүр», «Деструктивті жалған ағымдар мен ұйымдар қызметінің қауіптілігі, болмысы және көріну формасы», «Ислам діні мен салт дәстүр мен үйлесімділігі», «Отанды сүю иманнан» тақырыптарында жастар мен тұрғындар, мешіт жамағаттары, еңбек ұжымдарында кездесулер ұйымдастырды.

Қызылорда өңірінің Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аймақтарында болумен қатар, бірқатар мешіт жамағаттарымен кездесіп, жергілікті телеарналар арқылы сұхбаттар беріп, бағдарламаларға қатысты.

РАНТ мүшелері Алматы қалалық «Таугүл 3» мешітінің бас имамы Нұржан Дарқұлов және  Алматы қаласы «Байкен» мешітінің найб имамы Қабылбек Жұмабеков мырзалардың халыққа жүргізген насихаттары көңілден шығып, тұрғындар көкейлеріндегі сауалдарына жауаптар ала білді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт  - Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру