Атырау облысы "Иманғали" орталық мешітінің жанынан ашылған діни-сауат ашу медресесінде осыдан 1 ай бұрын шәкірттердің діни сауатын арттыру мақсатында екі айлық курс басталған болатын.
Өңірдің бас имамы Батыржан Берденұлының ұйытқы болуымен аталмыш медресеге Атырау атырабына іс-сапармен келген Алматы қаласы, «Таугүл» мешітінің бірінші наиб имамы, теолог-исламтанушы Көкірекбаев Ермек Жамбылұлы арнайы атбасын бұрып, ондағы 30-ға жуық шәкірттермен кездесу өткізді.
Дәлірек айтқанда, сәуірдің 1-жұлдызында белгілі теолог Ермек Жамбылұлы медресе шәкірттеріне "Уақыттың қадірі" тақырыбында дәріс жүргізді. Дәріс барысында соңғы кездері көп тартыс туындатып жүрген кері тартпа ағымдар жайлы да кеңінен насихаттады.
Бір ай ішінде жан-жақты білім алған имамдар: «Мұндай шаралар тағы да өткізіліп тұрса, ілім алудан жалықпаймыз, көп жайттарды біліп, дініи сауаттылығымыз ашылып қуаныш үстіндеміз», - деп қуаныштарын жасыра алмады.
"Иманғали" орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.04.2015
3278
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру