Соңғы жылдары елімізде өзіне-өзі қол жұмсаған жеткіншектер жайлы жан түршігерлік мәліметтер жиі көрініс тауып келген болса, осы қатерлі іс ересектер арасында да етек алып бара жатқан көрінеді. Статистика бойынша әлемде жыл сайын шамамен бір миллиондай адам өз-өзіне қол жұмсап, 20 миллиондай адам өін-өзі өлтіруге әрекет жасайды екен. Тіпті, әр секунд сайын бір кісі өз жанын өзі қиюда деген де дерек бар.
Өкінішке орай, Қазақстан өзін-өзі өлтірушілердің жалпы саны жағынан әлемде үшінші орынға, ал қыз балаларға шақсақ бірінші орынға шыққан. Бұл төбе құйқаңды шымырлататын ақпарат. Қатты күйзеліске төтеп бере алмай, Алла Тағаланың аманат ретінде тапсырған тәні мен жанына қиянат жасайтындар әртүрлі әлеуметтік орта өкілдері болып табылады. Әсіресе, әскерилер, отан алдындағы борышын өтеуші сарбаздар сапынан суицидке барды деген суық хабар жиі естіледі. Осындай жағдайдың алдын алу үшін, Павлодар облысындағы әскери басқарма, ішкі істер органдары департаменті жүйелі жұмыс жасап келеді. Тәртіп сақшылары өздерінің мекемесіне бекітілген психолог мамандармен үздіксіз тренингтер, кеңестер жүргізуде. Мәселен, Павлодар облысы мамандандырылған күзет қызметі мемлекеттік мекемесі «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің қызметкерлерімен бірлесіп, уағыз-насихат жұмысын жолға қоюда.
Наурыздың соңғы күндері мен сәуірдің алғашқы жұлдызында «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Нұржан Манапбаев аталмыш мекемеде кездесу өткізді. Бұл кездесуді психолог, полиция капитаны Эльвира Даминдирова ұйымдастырды. Эльвира Сүлейменқызы күзет қызметі полицейлеріне суицид дертінен сақтанудың психологиялық тәсілдерін талдай отырып, оның рухани, діни тұрғыдағы үкімдерін де айтып жеткізуді көздегені байқалады. Жиынға 2 күнде барлығы 100 полиция қызметкері қатысып наиб имам Нұржан Дәулеткелдіұлының уағыздарын тыңдады.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.04.2015
3639
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру