Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлының ұйымдастыруымен жетісулықтар көптеген игі шараларға үнемі куә болып келеді.
«Ер елім деп туады, елім деп өледі» демекші жалпы адамзат баласына жаны ашитын, олардың әрқайсысына бақытты өмір сүруіне әрі жат ағымның жетегіне түсіп кетпеулеріне себепкер болып жүрген, білімді де білікті ұстаздарымыз баршылық. Өткен айда Сансызбай Құрбанұлы ұстазымыздың айтқан жоғарғы деңгейдегі уағызы, жетісу жұршылығын тамсандырса, осы айдың бейсенбі күні келген белгілі ғалым-теолог Ерсін Әміре мырза «Сабыр түбі сары алтын» тақырыбында ақшам намазынан құптан намазы арасында уағыз айтты. Уағыз соңынан мешіт жамағаттары арасынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берді. Күндердің төресі болған қасиетті жұмада «Нәпсіні тәрбиелеу» тақырыбында айтылған жұма уағызының орталық «Иман» мешітінің жамағатына ең жоғарғы деңгейде әсері болды.
Осындай ислам дінін талмай насихаттап жүрген ұстаздарымызға Алланың рахымы жауа бергей!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.04.2015
3706
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру