Биылғы «Дін және дәстүр» жылы аясында жергілікті айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Құдайберлі Мырзабектің «Науан хазрет» драмалық шығармасы Мұратбек Оспановтың режиссерлігімен Көкшелік көрерменге жол тартты. Мұнда өткен ғасырдағы Ресейдің Арқа жерінде қазақты шоқындыру саясатына қарсы тұрған діни тұлға – Науан хазреттің өнегелі өмірі жайлы сыр шертіледі. Қаймана қазағын шоқындырмай алып қаламын деп ақыры итжеккенге айдалған абзал жанның қым-қуыт сүрелеңге толы өмірі тағылымды қырынан сипатталды.
Науан хазретпен пікірлес болған Ақан сері мен Ресей Думасының депутаты, алаш қайраткері Шәймерден Қосшығұловтардың ұлты үшін өзектері өртенген бейнелері жергілікті Ш.Құсайынов атындағы қазақ театрының сомдауымен көрерменнің жан-жүрегін тербеді. Бұл шығарма ақын жерлесіміз Құдайберлі Мырзабектің Көкшетаудағы салынып жатқан жаңа мешітке байғазы сый ретінде ұсынылды.
Тарихи тұлға жайлы драмалық қойылымды тамашалаған көрермен алаш үшін жанын да аямай, басын бәйгеге тіккен абзал жанның өміріне қанығып, жанарларына жас алып, көңілдері босап, ерекше әсер алды.
Бақыт СМАҒҰЛ,
Ақмола облысы.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.03.2015
3351
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру