Қасиетті дініміз ортамызға оралғалы оның асыл құндылықтарына ден қою жандана түсті. Әсіресе, ауылдағы ағайын иман жайлы уағызға сусындап отыр. Қаймағы бұзылмаған қазақтың ауылы діннің де өсіп-өркендер бір арнасы саналады.
Міне, жергілікті жамағатты бір қуантқан имани шара Ақмола облысы Бурабай ауданының Абылайхан ауылында өтті. «Асыл дінім – ислам» деген тақырыпта өткен бұл рухани кешке аудандық мешіт мұрындық болды. Алдымен ауыл тұрғындары аудан имамы Тоқсанбай қажы Шәріповтың имандылық жайлы уағызын тыңдады. Ауыл әкімі Әлімжан Ахметов те өзінің сөзінде осындай шаралардың адамдар арасындағы бауырмалдықты нығайтатынын айтты.
Одан әрі шара сахналық қойылыммен жалғасын тапты. Ғибраты мол әндер де айтылды. Балаларға арналып ұлттық ойын түрлерінен байқаулар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар үлестірілді.
Соңынан ауыл имамы Халмұрат Әлимардонов осы шараны ұйымдастыруға үлес қосқан адамдарға өз ризашылығын жолдады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.03.2015
3442
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру