Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дін мен Дәстүр - егіз ұғым

31.03.2015 4089 0 пікір

«Дін мен Дәстүр - егіз ұғым» тақырыбында  кездесу мен шығармашылық бәйгенің қорытындысына  арналған  кеш болып өтті. Бұл кездесуге Жезқазған аймағының өкілі, «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің Бас имамы Мәди Тоқпанұлы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі жанындағы «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ Исламды зерттеу бөлімінің  бастығы Мұхан Баймұратұлы Исахан, Жезқазған қаласы «Тілтану орталығы директоры, қалалық ақпараттық насихаттау тобының мүшесі, ақын, жазушы Ғазиз Елеусізбайұлы Ештанаев қатысты.

Келген қонақтар «Дін мен Дәстүр-егіз ұғым» тақырыбында әңгіме қозғады. Дін ата-бабамыздан келер ұрпаққа дәстүр арқылы жеткені, болашақ жастарға дәстүрді сақтай отырып,тілімізді, дінімізді, тарихымызды сақтайтынымыз туралы біршама өсиеттер айтылды. Кездесу сонында шығармашылық бәйгеге қатысып, жүлделі орын алған оқушылар Мақтау  қағаздары мен  бағалы сыйлықтармен марапатталды.   Кездесу барысында «Дін мен Дәстүр егіз ұғым» тақырыбында дайындалған видеоролик көрсетілді. Кездесуді «Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің конфессияаралық қатынастардың мәселелерін  зерттеу және сараптау орталығы» КММ-нің  директоры Айшагуль Жапарбаевна Тасмаганбетова  қорытындылады.

Сонымен қатар кездесулер КМ « TRANCO» ЖШС, «Племптицеторг» ЖШС  еңбек ұжымдарында,   № 22  орта мектепте білім беретін мекемелері басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психолог мамандары, дінтану  курсы , тарих пәні мұғалімдерінің қатысуымен  және Малшыбай елді мекені тұрғындарымен де өтті. 

 

ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы

Бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру