Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұлыстың күніне арналған спорттық шара

31.03.2015 3060 0 пікір

Ұлыстың ұлы күні мен Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына орай Орал қаласындағы  «Түлбаев Мұхаммед Ғариф» мешітінің бастамасымен «Татар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен дойбы ойнынан спорттық шара болып өтті.

Оған татар мәдени орталығының мүшелері қатысты.

Алдымен аталмыш мешіттің бас имамы Қажымұқан Ғилманов сөз алып, Әз-Наурызбен құттықтап, ақтілегін жеткізді. Оданкейін «Татар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Альфия Лежнина жиналған жамағатты наурыз мерекесімен құттықтады.

Дойбы ойыны қызу тартысты болды.  Оған зейнеткер жамағаттар қатысып, ойынға аса белсенділік танытты. Дойбы ойнында аса ептілік танытып  І орынды Ғибайдолла Хасанов иеленсе, ІІ орынға Райса Коняева қанжығасына байлап,  ІІІ орынды Анвар Халиловке бұйырды.

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, дипломдарды  «Түлбаев Мұхаммед Ғариф»  мешітініңбас имамы Қажымұқан Ертайұлы табыс етті.

Шара соңы ақ дастарханға ұласып, әсем әндер шырқалып, көтеріңкі көңіл –күймен тарасты.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру