Қызылорда қаласындағы қалалық «Айтбай» мешітінің ұйымдастыруымен аталмыш мешітте дәріс алушы шәкірттер арасында Азан жарысы өтті.
Азан айтудың Исламдағы орны бөлек. Намазға шақыруды білдіретін азан айтуда шәкірттер нақышына келтіріп, әуезді үндерімен өзара бақ сынады.
«Айтбай» мешітінде өткізілген сайысқа барлығы 14 шәкірт қатысты.
Азан айту сайысына орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің найб имамы М.Гаджиев және қалалық «Айтбай» мешітінің найб имамы Б.Рысбай қазылық жасады.
Халықты намазға шақыру үшін айтылатын - азанның маңызы зор болғандықтан, азаншыға қойылған талаптар - даусының зор болуы, азан дұғасын жатқа біліп, сауатты айтуы назарға алынды.
Азан жарысынан үздік деп танылған шәкірттерге «Айтбай» мешіті ұжымының тарапынан бағалы сыйлықтар беріліп, жеңімпаз шәкірт Айбек Сәрсенбекұлы облыстық азаншылар сайысына жолдама алды.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.03.2015
3238
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру