30-шы наурыз күні Маңғыстау облыстық орталық мешітінде имамдарының кезекті мәжілісі өтті. Күнтәртібіндегі мәселе І тоқсан барысында Бас мүфти тапсырмасына сәйкес міндеттемелердің орындалуы және атқарылған жұмыстарды қорытындылау. Мәжілісті Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков жүргізіп, күнтәртібіндегі мәселелер бойынша есеп алып, қорытындылап, келер тоқсанда тақарылуы тиіс бірқатар тапсырмалар жүктеді. Жалпы алғанда алғашқы тоқсанда біршама жұмыстар атқарылды.
Келесі тоқсан барысында атқарылар тапсырмалар ішіндегі маңыздысы І Республикалық имамдар форумында қабылданған 4 құжатты халық арасында кеңінен насихаттау және арнайы басылған кітапшаларды тарату мен түсіндіру тапсырылды. Сонымен қатар өкіл имам «ҚМДБ қызметкерінің этикасы» атты құжаттың маңыздылығына тоқталып, имам қандай болу керектігі, оның бойынан қандай ерекшелік пен қасиет табылу қажеттігін түсіндіріп, аталмыш құжатты оқып, толықтай таныстырып өтті. алдағы уақытта имамдық қызметке тағайындалатын үміткер осы құжат бойынша сұралатынын да ескертіп өтті.
Имамдарға тапсырылған міндеттемелердің бірі биылғы жылға Нұр-Мүбарак университеті мен медреселерге шәкірт дайындау. Облыс имамдарды өздеріне жүктелген міндеттемелерді орындауға бар күш жігіерлерін салатынын айтып қызметеріне кірісті.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.03.2015
3305
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру