Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымдылық жәрмеңкесі өтті (ФОТО)

30.03.2015 3282 0 пікір

Жуырда, Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде облыстық «Зекет қоры» және облыстық мешіт жанындағы Жастар ісі бөлімінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді.

Қайырымдылық жәрмеңкесінің негізгі мақсаты Шымкент қаласының тұрғыны 4 жасар ауыр науқас (ДЦП спастико-гиперкинетикалық формасы) Абдуллатифке Қытайда Ота жасауға қаржылай көмек беру болатын.

Пайғамбарымыздың (с.а.с): «Мұсылмандар мейірімділікте, сүйіспеншілікте тұтас бір дене тәрізді. Егер дененің бір жері сырқаттанса,  дененің барлық жері ауырады» деген хадисіне сәйкес дана халқымыздың: «Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көрерсің» деп өсиет еткеніндей қайырым сүйер, өзгенің қайғысына бейқамдықпен қарап тұра алмайтын азаматтар өз мүмкіндіктеріне қарай жәрмеңкеге барынша көмек жасауға тырысты.

Осыған орай, жеңгелеріміз бен әпке-қарындастарымыз түрлі тәтті тағамдар пісіріп әкеліп сатса, кей кісілер киім-кешек тұрмысқа қажетті заттар әкеліп сатып жәрмеңкенің кең көлемде өтуіне ат салысты.

Кайырымдылық жәрмеңкеден түскен 360 855 теңге көлеміндегі қаражат Абдуллатифтің анасына табыс етілді. Алла шипасын нәсіп етсін!

Осы шараға қол ұшын берген азаматтарға Алла разы болсын!

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру