Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дінтану саласы бірізділікке салынбақ

30.03.2015 3507 0 пікір

«Дінтану» саласын бірізділікке салу – бұл бүгінгі күннің талабы. «Нұр-Мүбарак» университетіне келіп, болашақ ғалымдармен жүздескен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы осылай деп мәлімдеді. Әуелі университет ректоры  Жуда Абдулғани Басюнимен кездесіп, дінтану саласына қатысты мәселелерді талқылаған Айнұр Әбдірәсілқызының «Нұр-Мүбаракқа» келуі екі жақты тиімді болды деуге болады.  Өйткені, тараптар өзара ынтымақтастық пен әрекеттестікті әрі қарай дамыту мақсатында Меморандумға қол қойды. Енді осы құжат аясында ҚР МжСМ Дін мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу және талдау орталығы мен «Нұр-Мүбарак» университеті білім беру саласында, ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарды жүргізуде  өзара ынтымақтастықты дамытып, бірлескен жобалар жүргізіп, бағдарламалар дайындамақ.

Меморандумға қол қойылған соң университеттің «Дінтану» кафедрасының оқытушылары мен докторант, магистранттары Айнұр Әбдірәсілқызымен кеңінен сұхбаттасты. Қазақстандағы дінтану саласын дамытып, бірізділікке түсіруге қатысты алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеп, дінтану саласындағы оқулықтар мен оқу құралдарын шығару, конференция, семинарлар ұйымдастыру, мектептегі дінтану мәселесіне қатысты да сөз болды. Яғни, орта білім саласында дінтану сабақтарын кімдер жүргізіп жатқандығы туралы мәселе көтерілді. Бүгінде білікті мамандардың тапшылығына сәйкес кадр дайындау жайы талқыланды. Айнұр Әбдірәсілқызы дінтану саласының түлектерін жұмысқа орналасуына қолдау көрсетуге байланысты өңірлік үйлестіру орталықтарын ұйымдастырылатындығы жайлы хабарлады. Сондай-ақ, болашақта Астанадағы Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығына университеттің студент, магистранттарын өндірістік тәжірибеден өтуге қатысты ұсыныс айтылды. Бұл ұсыныс болашақ дінтанушы ғалымдар тарапынан қолдау тапты.   

Айша КЕҢЕСБАЙ,
«Нұр-Мүбарак» университетінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру