Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам намазханаларда уағыз айтты

30.03.2015 3020 0 пікір

Маңғыстау облысы бойынша өкіл имам Смайыл Сейтбеков Бейнеу ауданына қарасты Ақжігіт ауылына арнайы барды. Аталмыш ауылда намазхана бар. Ресми бұйрықпен бекітілген намазхана имамы Туркменбай Хабибулланың жұмысымен танысып, шам мен құптан аралығында жамағатпен кездесіп, мәзһабымыз жайында уағыз айтып, намазхандардың сұрақтарына жауап берді.

23 наурыз күні аудан орталығынан 110 шақырым қашықтықтағы Боранқұл ауылына да арнайы барды. Боранқұл ауылында намазхана қызмет етіп келеді. Ауыл облыс орталығынан 600 шақырымдай шалғайда болғанымен сегіз мыңға жуық тұрғыны бар. Бір жарым жылдан бері ауылда Сарыағаш медресесінің түлегі Мырзаев Рустамжан абыроймен қызмет етіп келеді. Жамағаты да көбейіп, теріс ағым өкілдеріне қарсы жақсы жұмыс жасауда.

Намазхананың жұмысмен танысып, шам мен құптан арасында адасқан ағымдардың қателіктері, неке мен талақ жайында намазхандарға уағыз айтты. Боранқұлдық жамағаттар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып жатты. 

Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру