Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әт-Тақуа» мешітінің жамағаты бірлік көрсетті

30.03.2015 3144 0 пікір

Атырау қаласында орналасқан «Әт-Тақуа» мешітінде ақ дастархан жайылып, онда жүзден астам жамағат бас қосты. Бұл әрине «Ынтымағы жарасқан ел озады» деген бастаманың аясында қолға алынған іс-шаралардың бір парасы. Аталған игі іске ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров қатысып, асқа жиналған барша ағайынға «Мұсылманның көркем-мінезі» тарыбында пайғамбар хадистерін негізге ала отырып уағыз айтып, рухани азықпен сусындатты.

Онда бас имам Батыржан Берденұлы: «Алла тағала адам баласын көркем бейнеде жаратты. Сол адам баласының ардақтысы болған пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ең ұлы көркем мінездің иесі бола білді. Қасында тәлімін алып, ізін басқан саңлақ сахабалар да осы көркем мінезділікті пайғамбар бойынан үйренді. Демек, жақсы бір мұсылмандық бейне қалыптастырып, айналамызға, ата-ана, ағайын-туыстарымызға пайдамызды тигізу үшін біз ең алдымен Алла Елшісінің (с.ғ.с.) бойындағы көркем мінезділікті үйренуіміз керек», - деп діннің жолын дұрыс ұстануға үндеді.

Шынында бұл басқосу жамағат үшін берекелі болды. Көп нәрсені біліп, біршама діни мағлұматтарға қанықты. Аллаға шүкір, мұндай бас қосулар қала мешіттерінің баршасында өз жалғасын тауып, дәстүрге айналды деуге әбден болады. Мұндай шараларда бір мешіттің жамағаты ғана емес, қаланың өзге мешіттерінен де жамағатттар төбе көрсетіп, өзара аралас-құралас болып жатқаны көз қуантады.  

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру