Қасиетті жұма күні «Перзент» балалар үйінің тәрбиешісі Әмина апа бір топ балдырғандарды ертіп «Әзірет Сұлтан» мешітіне келіп қайтты. Жамағатпен бірге жұма намазына қатысқан соң балалар құлшылық ордасын аралап, Muslim.kz сайты мен Хикмет телерадиостудиясының әкімшілігіне бас сұғып, жұмыстарымен танысты.
Мешіт ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев кішкентай қонақтарымызға жұмыс бөлмелері мен дәріс залдарын көрсетіп, аздаған уағыз да айтып үлгерді. Тағдыр тауқыметін жастайынан тартқан жеткіншектердің жүма күні Алла үйін зиярат етіп, жасаған дұға-тілектері қабыл болғай!






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.03.2015
4014
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру