Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің 2014-2018 жылдарды «Дін мен дәстүр жылы» деп жарияланғаны белгілі.
Осы «Дін мен дәстүр жылы» аясында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігі Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде әз-Наурыз айының құрметіне «Наурыз-бірлік пен берекенің мерекесі!» атты рухани мерекелік шарасын ұйымдастырды.
Мерекелік шара қасиетті Құран оқумен басталды. Мерекелік шараны облыс имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров жүргізгіп, наурыз туралы хабарлама жасады.
Облыс имамы Ахметжан қажы Керімбек, облыстық ішкі саясат және дін істер басқармасының басшысы Берік Уәлиұлы мерекелік құттықтау сөз сөйледі.
Сонымен қатар, өкіл имам А.Пірәліұлы көпшілік алдында облыс көлемінде асыл дініміздің кең өріс алуына қолдау білдіріп жүрген облыстың әкімі Асқар Мырзахметовке Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің жолдаған алғыс хатын оқып, оны Б.Уәлиұлына табыс етті.
Мерекелік шарада алдымен Пайғамбарымыздың сүннетіне сәйкес, мешіт ауласына «Атадан мал қалғанша – тал қалсын» атты шара аясында 50 түп ағаш отырғызудан басталды.
Облыс имам орынбасары Бекайдар қажы Әміре мен Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешітінің найб имамы Амантай Сәдиевтер ынтымақ, бірлік дін мен дәстүр жайлы уағыз айтты.
Мерекелік шара барысында «Дені саудың – жаны сау» атты ұлттық спорттық ойындар мерекенің әрін кіргізді. Онда қол күрес, арқан тартудан, кір тас көтеруден сайыстар өткізілді. Оған арнайы төрт топ қатысты. Атап айтқанда, «Әл-Фараби», «Абай», «Қаратау», «Еңбекші» топтары қатысып, өнерлері ортаға салды. Жеңіс әділ өту үшін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан арнайы төреші шақыртылды.
Жарыс соңында «Қаратау» тобы бірінші орынды иеленді. Ал екінші орынды «Еңбекші», үшінші орынды «Абай», «Әл-Фараби» топтары жеңіп алды. Жеңімпаздарға өкілдіңтің арнайы дипломы мен қаржылай сый-сияпаттар үлестіріледі.
Сондай-ақ, барша келуші жамағатқа мерекелік дастархан жайылып, өткен ата-бабалар рухына Құран бағышталады.
Жалпы, мешіт ауласында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған наурыз мерекесіне қатысушылар жоғары деңгейде баға беріп, ризашылықтарын білдіріп тарасты.
Наурыз мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын! Жаратушы Иеміз Тәуелсіздігімізді баянды еткей.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.03.2015
3536
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру