Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтауда Армян қызы Ислам дінін қабылдады (ФОТО)

27.03.2015 3576 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітіне келген Григорян Сирануш Вардановна өзінің Ислам дінін қабылдағысы келетінін жеткізді. Жүзінен ибалылық төгілген 24 жастағы армян қызы Ислам дініне деген құрметі ерекше екендігін , дін қабылдауда өз еркімен шешім қабылдағанын айтты.

Найб имам Елдар Атибеков оған кәлима шахадат айтқызып, таухидты- бірқұдайшылықты, Исламның басты ұстанымына жататын «Алладан басқа тәңір жоқ» сөзінің мағынасын түсіндірді. Сондай-ақ Ислам дініндегі әйел мәртебесі жайында уағыз айтты.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру