Наурыз - шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Шығыс халықтары, оның ішінде қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Бұл игі дәстүрден мешіттер де қалыс қалмай өзіндік үлесін қосып, өз деңгейінде атап өтуде.
Бүгін, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің құрметіне орай Алматы қалалық «Бәйкен» мешітінде ас берілді. Жиылған көпшілік жамағатқа Наурыз мейрамының мән-мағынасы турасында уағыз-насихат айтылып, наурыз көже таратылды.
Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған. Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.
Олай болса наурыз айы құтты болсын, барша жұртымызға ырысы мен құт-берекесін алып келсін ағайын!
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.03.2015
3393
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру